Йеменге химиялық қару-жарақ енгізілуде деген уәждер – саудиялық ақпарат құралдарының өтірігі
Maм 24, 2017 16:37 Asia/Almaty
Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің ақпарат хатшысы Ахмад Хамед саудиялық бірқатар ақпарат құралдарының Йеменге шетелден химиялық қару-жарақ енгізілуде деген қауесеттері мен жалған ақпараттарын жоққа шығарды.
Ахмад Хамед жалған ақпараттардың осыдан екі жылдан бері Йеменді жан-жақтан – әуеден, теңіз бен құрлықтан қоршауға алған елдер тарапынан жарияланып отырғанын айтып, Йемен шекараларының БҰҰ және шапқыншы әртүрлі елдердің жетілген техникалық құралдарымен бақыланатынын, тіпті кейбір жағдайларда елге қажетті құрал-жабдықтарды кіргізудің өзінің мұң екенін айтып, осындай жағдайда химиялық қару енгізудің мүмкін еместігін баса айтты.