Йеменге химиялық қару-жарақ енгізілуде деген уәждер – саудиялық ақпарат құралдарының өтірігі
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i27366-Йеменге_химиялық_қару_жарақ_енгізілуде_деген_уәждер_саудиялық_ақпарат_құралдарының_өтірігі
Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің ақпарат хатшысы Ахмад Хамед саудиялық бірқатар ақпарат құралдарының Йеменге шетелден химиялық қару-жарақ енгізілуде деген қауесеттері мен жалған ақпараттарын жоққа шығарды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 24, 2017 16:37 Asia/Almaty
  • Йеменге химиялық қару-жарақ енгізілуде деген уәждер – саудиялық ақпарат құралдарының өтірігі

Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің ақпарат хатшысы Ахмад Хамед саудиялық бірқатар ақпарат құралдарының Йеменге шетелден химиялық қару-жарақ енгізілуде деген қауесеттері мен жалған ақпараттарын жоққа шығарды.

Ахмад Хамед жалған ақпараттардың осыдан екі жылдан  бері Йеменді жан-жақтан – әуеден, теңіз бен құрлықтан қоршауға алған елдер тарапынан жарияланып отырғанын айтып, Йемен шекараларының БҰҰ және шапқыншы әртүрлі елдердің жетілген техникалық құралдарымен бақыланатынын, тіпті кейбір жағдайларда елге қажетті құрал-жабдықтарды кіргізудің өзінің мұң екенін айтып, осындай жағдайда химиялық қару енгізудің мүмкін еместігін баса айтты.