Ислам үлемдері Халифе әулетіне қарсы
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i27378-Ислам_үлемдері_Халифе_әулетіне_қарсы
Халифе әулетінің шейх Иса Ғасемге қарсы шарасы Бахрейннің ішіндегі қатты реакциялармен қоса, ислам елдері үлемдерінің ауқымды реакциясын тудырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 25, 2017 10:28 Asia/Almaty
  • Ислам үлемдері Халифе әулетіне қарсы

Халифе әулетінің шейх Иса Ғасемге қарсы шарасы Бахрейннің ішіндегі қатты реакциялармен қоса, ислам елдері үлемдерінің ауқымды реакциясын тудырды.

Ливанның мұсылман үлемдері 2017 жылдың 23 мамыр күні шеру өткізіп, Халифе әулеті режимінің әскерилері тарапынан шейх Иса Ғасемнің үйінің әскери қоршауға алынғанына қатысты мәлімдеме жариялап, Бахрейн халқын  көшелерге шығып, осы жоғары дәрежелі дінбасын қорғауға  шақырды.

Халифе әулеті режимі 2016 жылдың маусым айында шейх Иса Ғасемді «қатігездікке арандатты және терроризмді қолдады» деген айыппен  азаматтықтан айырды. Халифе әулеті режимі 2016 жылдың желтоқсан айында да шейх Иса Ғасемнің Бахрейндегі діни орнына байланысты оны «ақша жылыстатты» деп айыптады. 2016 жылдың желтоқсан айынан 2017 жылдың 21 мамырына дейін 5 айдың ішінде шейх Иса Ғасемнің «ақша жылыстатты» деген айыппен өткізілуі тиіс болған сот жиналыстары 5 рет кейінге қалдырылды. Алайда ақырында Халифе әулетінің соты 2017 жылдың 21 мамырында Бахрейн шиіттерінің рухани жетекшісіне бір жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру және 256 мың доллар айыппұл салу үкімін шығарды. Егер шейх Иса Ғасем 6 айдың ішінде осы соманы төлемесе, оның үкімі «шартты қамаудан» «нақты түрмеге қамауға» ауысады.

Бахрейн үкіметінің шейх Иса Ғасемге қарсы үкім шығарудағы бірінші мақсаты – осы елдегі шиіттердің діни үлгілер жүйесін нысанаға алу. Халифе әулетінің осы үкімді шығарудағы екінші мақсатын Бахрейндегі шариғат бойынша табыстың бестен бір бөлігін беру сияқты діни үкімдерді әлсірету деп айтуға болады. Бұл шараны Халифе әулетінің соңғы 6 жылдағы ең үлкен қателігі санауға болады. Өйткені тарихи тәжірибе де, басқа ислам елдеріндегі тәжірибелер де және ішкі және аймақтағы қатаң реакциялар да діни тұлғалардың жүйесіне қол сұғудың үкімет үшін ауыр салдарлары барын растап отыр.

Халықтың қатаң реакциясы Бахрейнде 5 адам өлтіріліп, ондаған адамның жараланып, 300-ге тарта адамның қамауға алынуына себеп болды. Бахрейнде қатігездіктің күшеюі Халифе әулеті үкіметінің мүддесіне сай келмейді әрі бұл елдің жағдайын одан ары ушықтырып жібереді. Ливан үлемдерінің  Бахрейннің іші мен сыртында Халифе әулетіне қарсы шерулер өткізуге шақыруы, Ирактың «Садр» қозғалысының басшысы Мұқтада Садрдың Бағдадтағы Бахрейннің елшілігі алдында шеру өткізуге шақыруы, сондай-ақ, Ливан Хезболласының Бахрейн үкіметінің шарасын айыптауға шақыруы шейх Иса Ғасемге қарсы шығарылған үкімнің ішкі мәселе емес екенін, өйткені ислам әлемінде шиіттік діни тұлғалардың әдетте трансұлттық тұлғалар саналатынын көрсетеді. Осыған орай, Ливанның сүннит ғалымы шейх Ахмад әз-Зин Иса Ғасемге қарсы шығарылған үкімді зұлымдық деп сипаттап: «Революцияшыл жетекшілерге қарсы шығарылған ешбір үкімнің құны болмаған. Мұндай үдерістің жалғасуы Бахрейнді салдары ауыр бағытқа итермелейді»,-деді.

Халифе әулетінің түсінігі бойынша, бұл режим діни тұлғалар жүйесін құрту арқылы Бахрейндегі өзінің саяси және қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізе алады. Алайда ішкі реакциялар мен ислам үлемдерінің үндеуі бұл түсініктің Халифе әулетінде Бахрейн мен жалпы бүкіл ислам әлеміндегі діннің орны мен діни тұлғалар жүйесін теріс түсінуден туындап отырғанын дәлелдейді.