Аштық жариялаған 60 палестиналық тұтқын ауруханаға түсті
(last modified Thu, 25 May 2017 11:16:32 GMT )
Maм 25, 2017 17:16 Asia/Almaty
  • Аштық жариялаған 60 палестиналық тұтқын ауруханаға түсті

Израиль түрмесіндегі жағдайға қатысты аштық жариялаған 60-қа жуық палестиналық тұтқын денелеріндегі ауыр жарақаттарына байланысты ауруханаға түсті.

Press TV телеарнасының сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Израильдегі "Уһли Кидар" түрмесінде аштық жариялағандармен кездескен Палестиналық  тұтқындар қоғамының адвокаттары: «Палестиналық тұтқындардың басым көпшілігінің денсаулық жағдайы өте нашар. Олар 38 күндік аштықтан кейін ауруханаға жөнелтіледі. Кейбір жарақаты асқынған тұтқындардың киім ауыстыруға да шамалары келмей жатыр»,-деді.

Палестиналық тұтқындар 2017 жылдың 17 сәуір күнінен, яғни Палестиналық тұтқын күнінен бастап Израиль түрмелерінде өздерінің құқықтарына көңіл аударылмауы на байланысты мерзімі шектеусіз аштық жариялады.

Алғашқыда аштық жариялаушылардың саны 700 адам болды. Алайда  уақыт өте келе түрменің ішіндегі қолайсыз жағдай, санитарлық шарттар мен жалпы құқықтарға немқұрайдылыққа наразылық арта түсіп, осы күнге дейін аштық жариялаған палестиналық тұтқындардың саны 2000 адамға жетті.