Исламдық Иран халқы шейх Иса Ғасемді қолдау мақсатында шеруге шықты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i27442-Исламдық_Иран_халқы_шейх_Иса_Ғасемді_қолдау_мақсатында_шеруге_шықты
Исламдық Иранның халқы жұма намазынан кейін Иранның әртүрлі қалаларының көшелерінде ауқымды түрде шеру ұйымдастырып, Бахрейннің жоғары діни қайраткері шейх Иса Ғасемге қолдау көрсететіндіктерін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 27, 2017 10:52 Asia/Almaty
  • Исламдық Иран халқы шейх Иса Ғасемді қолдау мақсатында шеруге шықты

Исламдық Иранның халқы жұма намазынан кейін Иранның әртүрлі қалаларының көшелерінде ауқымды түрде шеру ұйымдастырып, Бахрейннің жоғары діни қайраткері шейх Иса Ғасемге қолдау көрсететіндіктерін мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, исламдық Иранның жер-жеріндегі халық жұма күнгі шеру кезінде қолдарына шейх Иса Ғасемнің суретін ұстап, бұл атақты діни қайраткер мен Бахрейннің басқа да саяси белсенділерінің азаттығын талап етті.

Иран халқы Халифе әулеті режимінің Бахрейн халқына қарсы шапқыншылығын АҚШ-тың Бахрейн патшасына берген жасыл белгінің нышаны деп атап, оны айыптады.

Бахрейн 2011 жылдың ақпан айының он төртінен бері халықтың Халифе әулеті режиміне қарсы революцияға куә болып отыр.