Израильден кетіп жатқан мигранттардың саны көбейді
Сионистік режимнің Миграция министрлігінің әлем елдеріндегі еврейлерді басып алынған Палестина жеріне көшуге ынталандыруға бағытталған әрекеттеріне қарамастан, статистикалық мәліметтер Израильден көшу үдерісінің артқанын көрсетеді.
Сионистік режимнің 10-шы телеарнасының хабарлауы бойынша, өткен жылы 18 мыңнан астам израильдік Құдс қаласынан көшіп кеткен. Олардың басым бөлігін 20-34 жас аралығындағы жастар құраған.
Осы сионистік дереккөзінің хабарлауынша, сионистік қалашықтардың тұрғындары Құдс қаласында қауіпсіздік пен тыныштықты сезбей отыр. Басып алынған Палестинада жүргізілген зерттеулер мен сауалнамалар бойынша, орыс еврейлердің Израильден Америка, Канада мен Еуропаға немесе туған жерлеріне көшу үдерісі артуда.
Сионистік режимнің аймақтағы соғысқұмарлығы, еврейлерге жалған уәделер беруі және палестиналық қарсыласу топтарынан үсті-үстіне жеңіліс табуы Израильден көшу факторларының қатарына жатады.