Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны 100 000-нан асты
Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы бейсенбі күні соғысқа шырмалған Йеменде сәуір айының 27-нен бері тырысқақ ауруына шалдықты деген күдікті адамдар санының 100 000-нан асқанын хабарлады.
БҰҰ-ның Гуманитарлық істер кеңсесінің жариялауы бойынша Йеменнің 23 облысынан 19 облыста жылдам таралуы сол елдегі екі жылдық азамат соғысынан кейінгі адами апатты арттырып отырғанын мәлімдеді.
Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының баспасөз хатшысы Тарик Жазаревич: «Осы уақытқа дейін 19 облыста тырысқақ ауруына шалдықты деген күдікпен 101 820, сонымен қатар 789 өлім жайты тіркелді» деді.
Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы аталмыш санның 300 000 жайтқа дейін жетуі мүмкін екендігін, бірақ, жаңа жайттардың санының маусым айының бесіне дейін аздап азайғанын мәлімдеді. БҰҰ-ның Гумантиралық істер кеңсесі бейсенбі күні жариялаған есебінде Йеменнің бүгінде тырысқақ ауруына бұрын-соңды болмаған деңгейде душар болып отырғанын жариялады.