Біртұтастық – Ирактың барлық халқының мүддесінің кепілі
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i27890-Біртұтастық_Ирактың_барлық_халқының_мүддесінің_кепілі
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қасеми: «Біртұтас, тұрақты және демократия Ирактың барлық халқының мүддесінің кепілі болады»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 10, 2017 15:28 Asia/Almaty
  • Біртұтастық – Ирактың барлық халқының мүддесінің кепілі

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қасеми: «Біртұтас, тұрақты және демократия Ирактың барлық халқының мүддесінің кепілі болады»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Қасеми сенбі күні Ирактың Күрдістан аймағының 2017 жылдың қыркүйегінің 25 күні аймақтың тәуелсіздігіне қатысты референдум өткізу туралы біржақты шешім қабылдағанына реакция білдіріп: «ИИР Ирактың территориялық біртұтастығы мен бірлігін қолдайды. Ирактың Күрдістан аймағы бұл елдің бір бөлімі. Сондықтан, әсіресе ел мен аймақтың жағдайы шиеленісіп, қара ниеттілер Ирактағы тұрақсыздықты жалғастыру жобаларын іске асыруды көздеп отырған жағдайда ұлттық негіздер мен елдің Конституциясына сай емес біржақты шешім қабылдау жаңа қиындықтар тудырады. Ирак басқа кезеңнен көбірек бейбітшілік пен ұлттық татуласуды қажет етеді. Эрбиль мен Бағдат қайшылықтары келіссөздер және Ирактың Конституциясына сай шешілуі қажет»,- деді.