Дінді саяси мақсатта пайдалану – Сауд әулеті мен сионистік режимдердің ортақ тұсы
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i27960-Дінді_саяси_мақсатта_пайдалану_Сауд_әулеті_мен_сионистік_режимдердің_ортақ_тұсы
Сауд әулеті мен сионистік режимдердің ортақ тұстарына дінді, діни парыздар мен діни мекендерді саяси мақсатта пайдалану жатады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 12, 2017 11:59 Asia/Almaty
  • Дінді саяси мақсатта пайдалану – Сауд әулеті мен сионистік режимдердің ортақ тұсы

Сауд әулеті мен сионистік режимдердің ортақ тұстарына дінді, діни парыздар мен діни мекендерді саяси мақсатта пайдалану жатады.

Катардағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комитеттің басшысы Али бин Самих әл-Марри: "Осы комитетке катарлық азаматтардан шағымдар келіп түсті. Шағымдарда саудиялықтардың Катар азаматтарының әл-Харам мешітіне кіруіне тыйым салып, Сауд Арабиясынан жылдам кетуді сұрағаны туралы айтылған",- деді. Сонымен қатар, Құдстың Вакуфтық мүлік жөніндегі басқармасы да өз мәлімдемесінде: "Сионистік режимнің әскерилері намазхандарға әл-Ақса мешітіне кіруге немесе одан шығуға рұқсат бермей отыр",- деп мәлімдеді.

Сауд Арабиясындағы билікті қолында ұстап отырған Сауд әулеті өзін Мекке мен Мәдине қалаларындағы қасиетті қос мешіттің қызметшісі деп атайды. Бұған қарамастан, Сауд әулеті режимі бұл діни басымдылыққа әрдайым саяси тұрғыдан қарап, оны құрал ретінде пайдаланып келеді. Сауд әулеті режимі өз әрекетімен үнемі кез келген мемлекетпен қайшылыққа тап болатынын және сол елдердің азаматтарын қажылықтың діни және заңды мүмкіндіктерінен айыратынын дәлелдеді.

Сауд Арабиясының үкіметі соңғы жылдары ирандық, сириялық, йемендік және жуырда катарлық азаматтарды қажылық жасау парызынан мақұрым етті. Мысалы, Сауд Арабиясы үкіметі 2015 жылдың соңында ИИР-мен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзгеннен кейін ирандық азаматтар да 2016 жылы қажылық жасаудан мақұрым қалды.

Сауд Арабиясының үкіметі қазіргі таңда Катармен қарым-қатынасын үзуге себеп болған осы ел үкіметімен арадағы қайшылықтары мен келіспеушіліктеріне байланысты катарлық азаматтардың әл-Харам мешітіне кіруіне тыйым салып, қажылықтың Сауд әулеті үшін діни емес, саяси функция атқаратынын тағы дәлелдеді.

Осы орайда Press TV ақпарат агенттігі 2016 жылдың маусым айында сауалнама жүргізді. Соның нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 68 пайызы, яғни 2353 адам Сауд әулеті режимі қажылықты саяси құрал ретінде пайдаланады деп мәлімдеген. Бұл сауалнамаға жауап бергендердің басым бөлігі АҚШ, Канада және Ұлыбритания азаматтары болған.

Қажылық жасау барша мұсылмандар үшін негізгі парыз саналатын жағдайда Сауд Арабиясының үкіметі қажылықты саяси құрал ретінде пайдаланып отыр. Ал Мәдине мен Мекке қалаларының Сауд Арабиясы жерінде орналасуы Сауд әулеті режиміне меншік құқығын және бұл парызды қандай адамдардың орындауына қатысты шешім қабылдау құқығын бермейді. Осыған байланысты Пәкістан Сенатының Қорғаныс және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің мүшесі Сейіт Хосейн Тахер Машхади 2016 жылдың маусым айында ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сауд Арабиясының қажылықты "саяси қару" ретінде пайдаланып отырғанына тоқталып: "Қажылық саяси мәселе емес. Ол діни міндет саналады. Кез келген мемлекеттегі әрбір мұсылманның сол парызын орындау құқығы бар",- деді.

Осы мәселеге байланысты маңызды жайт, дін мен діни міндет пен парыздарды саяси және кемсіту мақсатында пайдалану Сауд Арабиясы мен Израильдің ортақ тұсы саналады. Әл-Ақса мешіті Палестина мұсылмандары болмысының нышаны саналатын жағдайда бұл режим палестиналықтардың осы қасиетті мешітке кіруіне тыйым салды. Бұл оқиға маусымның он бірі күні де қайталанды.

Сауд Арабиясы үкіметі мен сионистік режим дін, діни парыздар мен нышандарды өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін пайдаланады. Бұл әрекет діни құқықтарға байланысты халықаралық құқықтық конвенцияларда әлемдік құқықтардың қатарына кіреді. Оларды бұзуға тыйым салынған.