Рияд саммиті бүлдіргі салдарларға ие болды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i27972-Рияд_саммиті_бүлдіргі_салдарларға_ие_болды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Арабстан, БАӘ, Бахрейн мен Мысырдың Катармен дипломатиялық қатынастарын тоқтатқанын баяндап: "2017 жылдың мамыр айының жиырма бірі күні Риядта өткен саммиттен кейін пайда болған мәселелер бүлдіргі салдарлар тудырды" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 12, 2017 17:24 Asia/Almaty
  • Рияд саммиті бүлдіргі салдарларға ие болды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Арабстан, БАӘ, Бахрейн мен Мысырдың Катармен дипломатиялық қатынастарын тоқтатқанын баяндап: "2017 жылдың мамыр айының жиырма бірі күні Риядта өткен саммиттен кейін пайда болған мәселелер бүлдіргі салдарлар тудырды" деді.

Иранның СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні тішілер жиынында: "Бұл елдер қолайлы кеңістікте бір үстелдің басында жиналып, сұхбаттасуы керек" деді.

Иранның СІМ-нің ақпарат  хатшысы сонымен қатар Сирияның қазіргі жағдайына тоқталып: "АҚШ-тың Сириядағы іс-әрекеттері лаңкестердің уақыт ұтуына көмектесті. Егер АҚШ лаңкестікпен күрес жолында әрекет еткісі келсе,  шешімдерін өзгертуі керек" деді.

Ғасеми Қазақстанда Астана саммитінің өтетіндігіне тоқталып: "Алдағы күндері Мәскеуде сарапшылар отырысы өтеді. Одан кейінгі аптада Астана келіссөздерінің бесінші кезеңі өтуі мүмкін" деді.

Ғасеми Иран Сыртқы істер министрлігінің Теһрандағы лаңкестік оқиғаға байланысты Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінің үстінен шағымдану, шағымданбауы туралы сұраққа жауап беріп: "Бұл оқиғадан кейін кейбір саудиялық қайраткерлер тарапынан қисынсыз уәждер айтылып, көптеген күмәндар келтірілді. Бұл мәселе тиісті органдар тарапынан қарастырылып жатыр. Қорытынды шығарылғаннан кейін тиісті шара қолданылады" деп қуаттады.