Ислам әлемі жақындасып, бірігуі керек
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i27974-Ислам_әлемі_жақындасып_бірігуі_керек
Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы аятолла Араки:: "Аймақтағы өзгерістер Ислам әлеміндегі бірлік үшін жақындастыру және шоғырландыру жұмыстарын жасау керек екенін көрсетті" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 12, 2017 17:28 Asia/Almaty
  • Ислам әлемі  жақындасып, бірігуі керек

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы аятолла Араки:: "Аймақтағы өзгерістер Ислам әлеміндегі бірлік үшін жақындастыру және шоғырландыру жұмыстарын жасау керек екенін көрсетті" деді.

Иран Телерадио бірлестігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы аятолла Мохсен Араки Иран Ислам кеңесі мәжілісі өкілдерінің бір тобымен кездесуінде Теһран мен әлемнің басқа да жерлеріндегі лаңкестік оқиғаларға тоқталып: "Бұл оқиғалар жақындастыру жолындағы талпыныстардың маңыздылығын бұрынғыдан бетер айқындай түсті" деді.

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы Ирак пен Сирияда ДАИШ лаңкестік тобының жойылу қарсаңында тұрғанын айтып: "Бүгінде Ислам әлемінде лаңкестік топтарды толығымен оқшауландырып жатыр.

Барлық мұсылман халықтар тәкфіршіл, лаңкес  және арандатушы топтарға қарсы тұрып, олардың әрекеттерімен күресуі керек" деді.