Хаким: Ирак халқы Иранға алғыс айтады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i28002-Хаким_Ирак_халқы_Иранға_алғыс_айтады
Ирактың Исламдық Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы ел халқының Иранның ирактық күштердің лаңкестікпен шайқаста жеңіске жетуіндегі көмектерін ешуақытта ұмытпайтынын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 13, 2017 14:31 Asia/Almaty
  • Хаким: Ирак халқы Иранға алғыс айтады

Ирактың Исламдық Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы ел халқының Иранның ирактық күштердің лаңкестікпен шайқаста жеңіске жетуіндегі көмектерін ешуақытта ұмытпайтынын айтты.

Ирактың Исламдық Жоғарғы Мәжілісінің спикері сейед Аммар Хаким елінің өткен жылдармен салыстырғанда көп өзгерістерді бастан өткергенін айтып: «Ол жылдары барша Ирак үкіметі мен әскері күйрейді деп ойлады. Бірақ, бүгін ирактық күштер қауіпсіздік саласында үлкен жеңістер мен жетістіктерге жетті. Бірлік, ел халқының әлеуеттерін пайдаланып, Иран сынды дос мемлекеттермен кеңесу және діни тұлғалардың бақылауы бізді жеңіске жеткізді. Ирак халқы ал-Хашд аш-Шааби күштерін мақтан тұтады. Ирак күштері барлық лаңкестік топтарды жоюға күш салуы керек» деп қуаттады.