Маусым 18, 2017 00:22 Asia/Almaty
  • Құдс операциясында екінші сионист әскери өлді

Жұма күні кешке басып алынған Құдстың орталығында орын алған жанкештілік әрекет салдарынан жарақат алған екінші израильдік әскери бүгін өлді.

Басып алынған Құдстың орталығында орын алған жанкештілік әрекетте бір израильдік әскери өліп, екіншісі  жарақат алған болатын. Бұл әрекетте үш жас палестиналық күрескер шәһид болды.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың баспасөз хатшысы Сами Абузаһри сенбі күні: «Бұл жанкештілік әрекетті Палестинаны азат ету майданының бір күрескері мен ХАМАС қозғалысының  күрескері іске асырды»,- деді.

Палестинаның күрескер топтары басып алынған Құдстағы бұл жанкешті әрекетті сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына қайтарылған қалыпты жауап деп атады. Бұл әрекеттен кейін сионистік режимнің әскерилері палестиналық үш шәһидтің туып-өскен жері Деир Абу Машал ауылын қоршауға алды.

Құдс интефазасы 2015 жылдың қазан айының басынан сионистік әскерилер мен қалашықтар тұрғындарының Палестинаның исламдық қасиеттеріне, соның ішінде әл-Ақса мешітіне қарсы шабуылдардың күшеюіне наразылық ретінде басталып, соның барысында осы уақытқа дейін 320 палестиналық шәһид болды.

 

 

Тегтер