Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранға қарсы бос уәждерін тағы қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i28158-Сауд_Арабиясының_Сыртқы_істер_министрі_Иранға_қарсы_бос_уәждерін_тағы_қайталады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі "Иран Ислам Республикасы лаңкестікті қолдап отыр" деген негізсіз уәждерін тағы қайталады. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр жұма күні ұлыбританиялық әріптесі Борис Джонсонмен кездесуінен кейін, Лондонда Al Hadath арнасы ұйымдастырған баспасөз конференциясында: "Иранның әрекеттері біз үшін үнемі алаңдатарлық болған",- деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 18, 2017 12:52 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранға қарсы бос уәждерін тағы қайталады

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі "Иран Ислам Республикасы лаңкестікті қолдап отыр" деген негізсіз уәждерін тағы қайталады. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр жұма күні ұлыбританиялық әріптесі Борис Джонсонмен кездесуінен кейін, Лондонда Al Hadath арнасы ұйымдастырған баспасөз конференциясында: "Иранның әрекеттері біз үшін үнемі алаңдатарлық болған",- деп мәлімдеді.

Соңғы күндері өз елінің басшылары, лауазымды тұлғалары мен ұйымдарының ақырғы  он жылдықтар кезіндегі лаңкестік әрекеттерге араласушылығының іздерін жоюмен әлек болып жүрген Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі өз әрекеттерін Иранға таңу арқылы Лондонда әлемнің қоғамдық пікірін шындықтардан ауытқыту үшін тағы талпыныс жасады. Бірақ, шындықтар Сауд Арабиясының лаңкестіктің демеушісі екенін дәлелдеп отыр.Лаңкестіктің құрбандары Риядты 2001 жылдың 11-қыркүйек оқиғасынан кейінгі оқиғаларға жауапты санайды.

Сауд Арабиясының басшылары Иранның аймақтағы құзыры мен Сақшылар корпусының рөлін басқыншылық деп сипаттап отыр. Алайда, оның өз өткені мен аймақтағы соңғы бірнеше жылда жасаған масқара әрекеттері мен апаттарына көз жүгірткені абзал болады. Рияд билеушілері сырттай өздерін аймақ жағдайына алаңдап отырғандай көрсеткенімен, шын мәнінде Арабстан әл-Каида мен ДАИШ топтары жетекшілеріне қолдау көрсетуде. Адел әл-Джубейрдің сөздері шын мәнінде мәселенің сыртқы келбетін өзгерту болып табылады. Әл-Джубейр мен Израиль бассшыларының сөздерінің арасынан ұқсастық пен бір бағыттылықты байқауға болады.

Сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман біраз уақыт бұрын Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында айтқан сөзінде Иранды Азияның батыс аймағында тұрақсыздық тудырды деп айыптап, Иранды әлемдегі лаңкестікті қолдаушы ең маңызды үкімет деп атаған болатын.

Әрине Сауд Арабиясы үкіметінің ядролық келіссөздер кезінде "Ортақ қадам" бағдарламасын бекіткенге дейін және одан кейінгі дау-дамай тудыруы мен уәждер айтуы да сионистік режимнің стратегиялық мақсаттарымен бағыттас болған. Кейбір жарияланған құжаттар Сауд Арабиясы басшыларының Сирия мәселесі жөнінде дәл осы тәсілді қолданғанын дәлелдейді.

Russia Today ақпарат агенттігі жуырда осыған байланысты: "Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр Брюссельде америкалық Politiko газетіне берген сұхбатында Ресей Башар Асадқа қолдау көрсетуін тоқтатқаны үшін Сауд Арабиясы Ресейге оны Кеңес одағы дәуірінен де қуатты ететін Таяу Шығыстағы үлесін бөліп беретінін мәлімдеген",- деп хабарлаған болатын.

Алайда Адел әл-Джубейр әрдайым тығырыққа тіреліп, шарасыз қалған сайын өзінің бос сөздерін қайталайды. Бұл осы күндері Ақ үйдің басшылары мен Трамптың дәл сол Иранға қарсы ақылға сыймайтын саясаттарын ақтау үшін айтатын бос уәждерді қайталау саналады.

Халықаралық мәселелер бойынша Ресей  сарапшысы Петр Львов былай дейді: "Сауд Арабиясы жақын арада АҚШ-тан сатып алған мұнайдан түскен құны жүздеген миллиард долларды құрайтын қымбат әрі заманауи қару-жарақтардың Риядқа ешқандай жеңіс әкелмейтінін түсінеді. Сауд Арабиясы әскери жеңіске жетуі мүмкін емес шынайы соғыс бастады. Себебі, бұл соғыс ұзақ уақыт пен көптеген қаражат пен шығынды қажет етеді. Ал мұнай бағасы түсетін болса, Сауд Арабиясы тағы бюджет тапшылығына ұшырап, Сауд әулеті режимі үшін жеңілістен басқа еш нәтиже әкелмейді".

Ресей сарапшысының пікірінше, Йемен соғысы Сауд Арабиясының АҚШ-тың әскери демеушілігінсіз Таяу Шығыс аймағында ешқандай ықпалды рөлге ие бола алмайтынын дәлелдеді. Рияд өзінің Иран, Ирак, Сирия мен Йеменге қатысты сыртқы саясатын өзгертпейінше, халықаралық сахнада ешқандай табысқа жете алмайды.