Сауд Арабиясындағы билік үшін соғыс – Малек Салманның төңкерістік әрекетінің салдары
Сауд Арабиясының тақ мұрагері биліктен шеттетілгеннен кейін елдің королі Малек Салманның баласы әкесінің мұрагері ретінде тағайындалды.
Мұның алдында Сауд әулетіндегі келіспеушіліктер мен қақтығыстар туралы хабарлар таралған еді. Саяси топтар бірнеше күн бұрын Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдул Азиздің келешекте өз баласы Мохаммад бин Салманды таққа отырғызу үшін қажет жағдайлар қарастырып, осы мақсатта соңғы айларда өзінің бұрынғы мұрагері Мохаммад бин Наифті құқықтарынан айырды деп мәлімдеген болатын.
Сауд Арабиясы королінің тақтан шеттету мен жаңа қызметке тағайындауының жалғасында төрт жаңа адамды, әсіресе ваххабизм ағымының негізін қалаушы Мохаммад бин Абдул Вахабқа қатысы бар шейх әулетінен шыққан екі адамды өзінің жаңа кеңесшілері етіп тағайындады.
Малек Салманның Сауд Арабиясы назарға алған саяси өзгерістердегі әрекеттерін жылдамдатуы жуырдағы АҚШ президенті Дональд Трамптың Арабстанға сапары мен Вашингтонның осы өзгерістерге байланысты жасыл түсті белгі беруінің арасында еш байланыс жоқ. Кейбір саяси бақылаушылардың пікірінше, Малек Салманның Трампты өз елінде жылы қарсы алуы мен әскери және экономикалық салада ірі келісімге қол қою арқылы оған ауқымды көлемде баж төлеудегі мақсаттарының бірі бұл елдегі өзі мақсат еткен өзгерістерді жүзеге асыруда АҚШ-ты серік ету болды.
Жуырда Арабстанда саяси салада орын алған өзгерістер толқыны Малек Салманның бұл елдегі билікті толығымен өз қолына алу және елді бұнығыдан бетер ваххабизм мен бөлінушілік жолына итермелеу мақсатындағы қадамдарын жылдамдатуын білдіреді. Бұл өзгерістер Арабстанның халықаралық қатынастардағы әсірешілдік, араласушылық, сондай-ақ ойластырылмаған әрекеттерінің күшею ықтималдығын бұрынғыдан бетер күшейтті. Малек Салманның тақ мұрагерін биліктен тайдыруы мен орнына өз баласын тағайындауы бұл елдегі билік үшін соғыстың шиеленісуіне ұласатын жағдайда орын алып отыр. Осы алаңдаушылықтардың шеңберінде биліктен шеттету мен жаңа адам тағайындау әрекеттері тек саяси саланы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік саласын да қамтып отыр. Бұл тақырып Малек Салманның билікті ұсыну әдісі мен оның билікті толығымен өз қолына алу мақсатындағы әрекеттеріне байланысты салтты бұзуына қатысты Сауд әулетіндегі реакциялардан қорқатынын көрсетеді.
Малек Салманның баласы Сауд әулетінің негізін қалаушы Малек Абдул Азиздің өсиеті мен жарғысына сәйкес, билік бір бауырдан екінші бауырға берілуі тиіс және оның балалары тірі кезінде билік үшінші буынға, яғни ханзадаларға берілмеуі тиіс жағдайда тақ мұрагері болғанын айтқан жөн. Сауд әулеті Арабстандағы билікті 1932 жылдан бері қолында ұстап отыр. Бұл әулетте билікке қатысты соғыс үнемі болған.
Сауд Арабиясының билік құрылымында Шемри және Садири атты екі топ елдегі билікті иелену үшін қатты бәсекелестікке ие. Абдул Азиздің қазасынан кейін Арабстанның алты королінің үшеуі Садири әулетінен шыққан. Олардың біреуі – Салман. Қазір егер билік күші тағы да Садири әулетінде қалатын болса, Малек Салманның билік басына келуімен маңызды лауазымдар мен қызметтерден айрылып, "тазалаудан өткен" Шемри әулеті оңайлықпен бұл мәселемен келісе қоймайды. Мохаммад бин Салман Арабстанның корольдік тағына отырмайды. Бұл мәселе Сауд әулетінде билік үшін тағы бір соғыстың негізі бола алады. Сауд Арабиясындағы соңғы күндердегі наразылыққа толы реакциялардың кейбіреулері Малек Салманның Арабстандағы билікті толық өз қолына алу мақсатындағы қадамдарына қатысты, әсіресе Сауд әулетінің үлкен ханзадаларының Сауд Арабиясы короліне арналған құжатқа қол қоюы Сауд әулеті ішіндегі наразылықтардың күшейіп, Малек Салман әулетінің төңкерістік әрекетін білдіреді. Арабстандағы өзгерістер Сауд әулетіндегі келіспеушіліктердің жария болуы мен шиеленісе түсуі және мұның салдарынан бұл бәдеуилік режимнің шаңырағының шайқалып, оның жойылуының жалғасуы саналады.