Сионистік режим Таяу Шығыста Американың қару-жарақ келісімдеріне реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i28298-Сионистік_режим_Таяу_Шығыста_Американың_қару_жарақ_келісімдеріне_реакция_білдірді
Сионистік режимнің әуе күштерінің қолбасшысы Амир Ешел басып алынған жерлерде өткен Герцлия қауіпсіздік конференциясында Американың Таяу Шығысқа қару-жарақ сату туралы келісімдерін алаңдатарлық деп атап:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 22, 2017 20:59 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Таяу Шығыста Американың қару-жарақ келісімдеріне реакция білдірді

Сионистік режимнің әуе күштерінің қолбасшысы Амир Ешел басып алынған жерлерде өткен Герцлия қауіпсіздік конференциясында Американың Таяу Шығысқа қару-жарақ сату туралы келісімдерін алаңдатарлық деп атап:

«Американың Таяу Шығыс елдеріне құны 20 миллиард долларды құрайтын қару-жарақ сатуы стратегиялық өзгеріс қалыптастырып, Таяу Шығыс аймағының тыныштығы мен тұрақтылығын бұзуы мүмкін. Қару-жарақ саудасының бұл көлеміне көзжұмбайлық танытуға болмайды. Бұл қару-жарақ Израиль әуе күштерінің артықшылығына нұқсан келтіруі және біраз уақыттан кейін Израильге қарсы қолданылуы мүмкін» деді.