Палестина халқын қолдау қоғамы әлемдік Құдс күніне орай баяндама жасады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i28304-Палестина_халқын_қолдау_қоғамы_әлемдік_Құдс_күніне_орай_баяндама_жасады
Палестина халқын қолдау қоғамы әлемдік Құдс күнінің қарсаңында: "Әлемдік Құдс күні – Ислам күні; ислам үмбетінің күш-құдіретінің нышаны әрі жәбір көрген халықтардың жанайқайы шығатын күн" деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 23, 2017 02:35 Asia/Almaty
  • Палестина халқын қолдау қоғамы әлемдік Құдс күніне орай баяндама жасады

Палестина халқын қолдау қоғамы әлемдік Құдс күнінің қарсаңында: "Әлемдік Құдс күні – Ислам күні; ислам үмбетінің күш-құдіретінің нышаны әрі жәбір көрген халықтардың жанайқайы шығатын күн" деп қуаттады.

Палестина халқын қолдау қоғамы бейсенбі күнгі баяндамасында Құдс күнін адамзаттың халықаралық сионистік отаршылдық пен әлемдік үстемшілдіктен арылатындығына үміт беретін күн деп атап: "Израиль режимі –  аймақтағы барлық соғыстар, бейберекеттіктер мен артта қалушылықтың себебі. Аймақтағы ислам елдері осы режимнің кесірінен ауыр шығынға батып жатыр. Аймақтағы ислам елдері Палестина халқына жасаған опасыздығын әшкере еткен және ислам елдері мен сионистерге қарсы тұру ағымдарын дұшпан ретінде танып отырған кертартпа араб режимдерінің қастандықтарынан сақ боулы керек. Израильдің аймақтағы бейберекеттік пен вахаббилік лаңкестерді қолдаудағы рөлі айқындалды. Осы сұм режим мен оның аймақтық және халықаралық одақтастарына қарсы халықтық ерік-жігерді көрсету қажет" деп мәлімдеді.