Құдс күні – сионистік-америкалық жобаларға қарсы интифаза күні
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i28308-Құдс_күні_сионистік_америкалық_жобаларға_қарсы_интифаза_күні
Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясы әлемдік Құдс күнін жәбірленушілердің жәбірлеушілерге қарсыласу күні әрі езгі көрген халықтардың сионистік-америкалық жобаларға қарсы интифазасының күні деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 23, 2017 03:06 Asia/Almaty
  • Құдс күні – сионистік-америкалық жобаларға қарсы интифаза күні

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясы әлемдік Құдс күнін жәбірленушілердің жәбірлеушілерге қарсыласу күні әрі езгі көрген халықтардың сионистік-америкалық жобаларға қарсы интифазасының күні деп атады.

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясы бейсенбі күні әлемдік Құдс күні қарсаңында жасаған мәлімдемесінде: "Қасиетті айдың соңғы жұмасы – мұсылмандардың қарсыласудың ошағы Құдс туралы және Ислам әлемінің басты мәселесі – Палестина мәселесіне қатысты ұстанымдарын жариялайтын күн" деді.

Исламдық мазхабтарды жақындастыру ассамблеясы осы мәлімдемесінде араб және ислам елдерінің, әсіресе, Палестинаның езгі көрген халықтарын қолдап, зұлым сионистердің қылмыстарын айыптайтынын мәлімдеп, халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары, Исламдық ынтымақтасу ұйымы мен барлық үлемдерден қажетті шара қолданып, сионистік режимнің Құдс пен әл-Ақса мешітін еврейлендіру және исламдық ескерткіштер мен Палестинаның тарихи болмысын жою әрекеттеріне тосқауыл қоюды сұрады.

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясы сонымен қатар араб және исламдық елдерден сионистік режиммен қарым-қатынастарды тұрақтандыруды мүлде қаламайтын халықтарының ұстанымын назарға алып, осы қылмыскер режиммен қатынастарын тоқтатуды және израильдік тауарларға бойкот жариялауды сұрады.