Мохаммад Бен Наиф өз сарайында қамауда жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i28488-Мохаммад_Бен_Наиф_өз_сарайында_қамауда_жатыр
Нью-Йорк таймс газеті Сауд Арабиясының бұрынғы тақмұрагері Мохаммад Бен Наифтың өз сарайында қамауда жатқанын жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 29, 2017 15:15 Asia/Almaty
  • Мохаммад Бен Наиф өз сарайында қамауда жатыр

Нью-Йорк таймс газеті Сауд Арабиясының бұрынғы тақмұрагері Мохаммад Бен Наифтың өз сарайында қамауда жатқанын жазды.

Америкалық осы газеттің интернет торабы: «Патшалық династияға жақын америкалық және саудиялық төрт жоғары лауазым иелерінің айтуы бойынша жақында тақмұрагерлігінен түсірілген Мохаммад Бен Наифке осы елден шығуға тыйым салынып, тіпті оның Джиддадағы өзінің сарайынан шығуына да рұқсат жоқ» деп жазды.

Арабстан патшасы жақында Мохаммад Бен Наифтың орнына өзінің ұлын тақмұрагері деп жариялады. Арабстанда тақмұрагерлігі бұдан бұрын ағадан ініге өтетін.