Израиль министрлері араб елдерімен қарым-қатынастарын кеңейту үшін бастама көтерді
Израильдің кейбір басшылары араб мемлекеттерімен қарым-қатынастарын қалыптандырып, кеңейту мақсатында бастама көтерді.
Израильдік «Едио́т ахроно́т» газеті соңғы он күн ішінде сионистік режимнің Барлау министрі Исраэль Кац пен Туризм министрі Ярив Левиннің осы режимнің араб мемлекеттерімен қатынастарын нығайтуға бағытталған бастамаларын жариялады.
Израильдің көптеген лауазымды тұлғалары 2011 жылы Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігінде үкіметке қарсы наразылықтар басталғанда ашық түрде бұл режим Таяу Шығыс аймағында ешқашан осындай деңгейде өзін оқшаулаған емес деп мәлімдеген еді. Бұл 2014 жылы Израильдің Газа секторына қарсы соғысынан кейін Израильдің бір әскери басшысының: "Израильдің араб елдерімен қарым-қатынасы мұндай деңгейде ешқашан жақсы болған емес",- деп айтқан жағдайда орын алып отыр.
Енді израильдік лауазымды тұлғалар араб елдерімен қарым-қатынастарын тереңдетудің жаңа кезеңінде жаңа бастамалар көтеріп отыр. Осындай бастамалардың бірі қауіпсіздік және барлау саласында серіктестік жасау ұсынысы Израиль режимнің Барлау министрінің тарапынан ұсынылды. Бұл ұсыныс Таяу Шығыстағы шарттарды пайдалану мақсатында ұсынылды. Себебі, Сауд Арабиясы секілді мемлекеттер "саяси серіктер тартуды" қажет етеді. Бұл мемлекеттердің қауіпсіздігі Батыс елдерінен, әсіресе АҚШ-тан импортталып отырғандықтан, Израильдің АҚШ стратегиялық тұрғыдан маңызды болғандықтан, бұл режиммен жақындасу Сауд әулеті режимі үшін аймақтағы саяси қақтығыстарда Батыстың көбірек қолдау көрсетуінің кепілі бола алады. Израильдің Барлау министрі араб елдерінің "саяси серік тарту" қажеттілігі негізінде осындай ұсыныс жасап: "Катар дағдарысы саудиялықтармен қатынастардың жақындасуы мен күшеюіне алып келеді",- деп баса айтқан болатын.
Израиль бұл қауіпсіздік және барлау саласындағы ынтымақтастық пен серіктестік арқылы бір жағынан өзінің саяси маңызды мақсаттарының бірі, яғни араб елдері үшін Палестина арманын шетке ығыстыру мен қарсыласу бағытын әлсіретуді, басқа жағынан Парсы шығанағындағы араб елдерінің экономикалық ресурстарына қол жеткізуді көздеп отыр. Басқаша айтқанда, Израиль араб-араб қақтығысына өзінің саяси-экономикалық мақсаттарын жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндік ретінде қарап, қақтығыстардың тереңдей түсуін қалап отыр. Осыған байланысты бұл режимнің бұрынғы Соғыс министрі Моше Яалон Тель-Авив университетінде маусым айында өткен алты күндік соғыстың 50 жылдығына арналған рәсімде: "Енді бізге қарсы араб коалициясы жоқ. Бізге қарсы араб коалициясының шынымен жоқ екендігінен тыс, соңғы жылдары Таяу Шығыста орын алған өзгерістер араб-израильдік қақтығыстың енді өзектілігін жоюына жеткізді",- деп мәлімдеді.
Араб мемлекеттерімен қарым-қатынастарды тереңдетіп, кеңейтуге бағытталған бастамаларға Израильдің Туризм министрі Ярив Левин ұсынған осы елдермен халықаралық, медициналық туризмді нығайту жатады. Шынтуайтында, бұл араб ханзадаларының қаржылай көмектерін тарту мақсатында Туризм министрі ұсынған ғылыми әрі мамандандырылған бастама саналады. Осы арада, синоистік "Маарив" газетінің сарапшысы Асаф Гибур өз баяндамасында осы аталған екі тараптың қарым-қатынастарын қалыпқа келтірудің маңызды белгілерін Парсы шығанағы елдерінің медициналық туризмі немесе емдік мақсаттағы туризм деп атап: "Парсы шығанағындағы араб елдерінің тұрғындары, әсіресе патшалық және ауқатты отбасыларының мүшелері Кипр арқылы Тель-Авивке келеді. Кейбір израильдік тараптар өте ерекше жағдайларға ие болғандықтан, олардың сапарлары үшін алдын ала үйлестіру жұмыстары жүзеге асырылады",- деді.