Иран Химиялық қаруларға тыйым салу жөніндегі ұйымының есебіне реакция білдірді
Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымындағы ИИР делегациясы бұл ұйымның ақиқатты анықтау комитетінің Сирияның Хан-Шейхун аймағындағы химиялық шабуыл туралы есебінің күңгірт тұстарын айқындау қажеттігін қуаттады.
Химиялық қаруларға тыйым салу жөніндегі ұйымының атқару кеңесінің ақиқатты анықтау комитетінің Хан-Шейхун аймағындағы химиялық қару қолданылу туралы есебін талқылауға қатысты төтенше отырысы өтті.
2017 жылдың сәуір айының 4 күні қарулы қарсыластар мен лаңкестер Сирия армиясы Идлибтың Хан-Шейхун аймағында химиялық шабуыл жасады деген уәж айтқан болатын.
Иранның делегациясы: «Ақиқатты анықтау комитетінің Сирияның Хан-Шейхун аймағындағы химиялық шабуылға қатысты есебі мәлімет жинау, оқиға орын алған мекеннің үлгілерін тексеру салаларында түсініксіз мәліметтерге ие. Иран есептің көлеңкелі тұстарының Сирия үкіметімен ынтымақтастық жасау арқылы шешілетіндігіне үміттенеді»,- деді.
2017 жылдың сәуір айының 4 күнгі Идлибтың Хан-Шейхун аймағындағы химиялық шабуылдан кейін сәуірдің 7 күні АҚШ Сирияның Хомс облысындағы ДАИШ пен Джебхат ән-Носрат лаңкестік топтарына қарсы күрестің ең маңызды орталығы саналатын әш-Шайрат әуе базасын 59 зымыранмен нысанаға алды.