Иран Химиялық қаруларға тыйым салу жөніндегі ұйымының есебіне реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i28762-Иран_Химиялық_қаруларға_тыйым_салу_жөніндегі_ұйымының_есебіне_реакция_білдірді
Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымындағы ИИР делегациясы бұл ұйымның ақиқатты анықтау комитетінің Сирияның Хан-Шейхун аймағындағы химиялық шабуыл туралы есебінің күңгірт тұстарын айқындау қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 09, 2017 03:32 Asia/Almaty
  • Иран Химиялық қаруларға тыйым салу жөніндегі ұйымының есебіне реакция білдірді

Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымындағы ИИР делегациясы бұл ұйымның ақиқатты анықтау комитетінің Сирияның Хан-Шейхун аймағындағы химиялық шабуыл туралы есебінің күңгірт тұстарын айқындау қажеттігін қуаттады.

Химиялық қаруларға тыйым салу жөніндегі ұйымының атқару кеңесінің ақиқатты анықтау комитетінің Хан-Шейхун аймағындағы химиялық қару қолданылу туралы есебін талқылауға қатысты төтенше отырысы өтті.

2017 жылдың сәуір айының 4 күні қарулы қарсыластар мен лаңкестер Сирия армиясы  Идлибтың Хан-Шейхун аймағында химиялық шабуыл жасады деген уәж айтқан болатын.

Иранның делегациясы: «Ақиқатты анықтау комитетінің Сирияның Хан-Шейхун аймағындағы химиялық шабуылға қатысты есебі мәлімет жинау, оқиға орын алған мекеннің үлгілерін тексеру салаларында түсініксіз мәліметтерге ие. Иран  есептің көлеңкелі тұстарының Сирия үкіметімен ынтымақтастық жасау арқылы  шешілетіндігіне үміттенеді»,- деді.

2017 жылдың сәуір айының 4 күнгі  Идлибтың Хан-Шейхун аймағындағы химиялық шабуылдан кейін сәуірдің 7 күні АҚШ Сирияның Хомс облысындағы ДАИШ пен Джебхат ән-Носрат лаңкестік топтарына қарсы күрестің ең маңызды орталығы саналатын әш-Шайрат әуе базасын 59 зымыранмен  нысанаға алды.