Қарсыласу шебі ақпарат құралдарының белсенділігі аймақта ДАИШ тобының таралуына тосқауыл қойды
Шіл 09, 2017 16:26 Asia/Almaty
Исламдық Телерадио одағының бас хатшысы "Ирактың Баас режимінің құлауы мен Американың аймақта орналасуы исламдық амал-әрекеттер мен қарсыласу идеологиясына негізделген ақпарат құралдарын құру үшін ыңғайлы кеңістік қалыптастырды" деді.
Ислам елдерінің Телерадио одағының тоғызыншы отырысы 2017 жылдың шілде айының екісі күні Иранның солтүстік-шығысындағы Машһад қаласында 36 елге тиесілі 230 арна өкілдерінің қатысуымен жұмысын бастап, шілденің төрті күні мәлімдеме жариялап, жұмысын аяқтады.
Исламдық Телерадио одағының бас хатшысы ходжат ул-ислам Али Каримиан сенбі күні түнде Иран телевизиясының бірінші арнасына берген сұхбатта илаһи жолдауды жариялауды осы одақтың ресалаты деп атап: "Бұл саммиттің жетістіктерінің қатарына мүше елдердің ақпарат құралдарының жұмыстарын қарастырып, кемшіліктерін жойып, мықты тұстарын одан ары күшейте түсуі жатады. Саммитта дағдарыста жағдайдағы БАҚ, экономика мен БАҚ және жаңа ақпарат құралдары сынды тақырыптар қарастырылды. Егер исламдық күштердің ағартушылық жұмыстары болмағанда, ДАИШ лаңкестік тобы ислам әлеміне қатты ықпал еткен болар еді. Ағартушылық жұмыстар осы одаққа мүше елдердің БАҚ-ның еңбектерінің жемісі болды" деп қуаттады.
Тегтер