Шіл 09, 2017 21:53 Asia/Almaty
  • Ирактың туы  Мосул қаласының көне бөлігінде желбіреді

Ирактық дереккөздері осы елдің туының Мосул қаласының көне бөлігінің ғимараттарының үстінде желбірегенін және Ирактың солтүстігінде ДАИШ тобын жеңудің ресми хабарлануы қарсаңында мерекенің басталғанын хабарлады.

Меһр хабар агенттігінің ал-Маядин арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, қала лаңкестерден азат болған соң, ирактықтар бульдозерлермен көне Мосулдың көшелерін жолдағы кедергі жасап жатқан қирандылардан тазалауға кіріскен. 

Осы мәліметке сәйкес, қаланы ДАИШ тобының қалған мүшелерінен тазартып, көшелер мен қираған ғимараттарда тығылып қалған лаңкестерді іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Нейнава облысындағы ирактық дереккөзі де Нейнава облысындағы Таль-Афардағы ДАИШ позицияларының бомбаланып, 12 даиштіктің өлгенін хабарлады.

ДАИШ тобының жарылыс ұйымдастырушылары Дежле өзенінің жағасында ирактық күштер тарапынан қоршауға алынған соң үстеріндегі жарылғыш кеудешелерін жарып жіберді. Бұл олардың ирактық күштердің алдындағы жеңілістерін көрсетеді.

Ирактық күштер Абу Хафсе деген лақап атпен танымал ДАИШ-тың саудиялық қолбасшыларының бірін Мосулдың батысында қашпақ болған кезде өлтірді.

 

Тегтер