Стамбулда Ердоғанның оппозиционерлері шеруге шықты
Түркия халқының мыңдаған халқы жексенбі күні Стамбулда осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоғанның саясаттарына қарсы наразылық білдірді.
Al Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, наразылық акциясы Халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароглуның бастамасымен ұйымдастырылған "Әділет" шеруі аяқталғаннан кейін орын алды.
Түркияның Халық партиясының жетекшісі мен мүшелерінің 450 шақырымға созылған наразылық шеруі Анкара қаласынан басталып, 24 күннен кейін жексенбі күні Стамбулдың Малтепе ауданында аяқталды.
Бұл шеру мемлекеттік құпияны таратты деген айыппен 25 жыл бас бостандығынан айырылған Халық партиясының өкілі Енис Бербероғлуның құрықталуына наразылық білдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Кемал Кылычдароглу жексенбі күні Стамбулда өткен шеруде Түркия халқының бұл қалада әділеттің жоқтығына байланысты жиналғанын баса айтып: "Түркия халқы мазлұмдар, құрықталған партия өкілдері мен түрмеде жатқан журналистерге қолдау көрсету үшін көтерілді",- деп мәлімдеді.