Малеки аятолла Систаниды құттықтап, Иранға алғыс айтты
Ирак Президентінің орынбасары шиіттердің діни жетекшісі аятолла Систаниды Мосулдың азат етілуімен құттықтап, Ирактың ДАИШ-ке қарсы соғысына көмектескені үшін Иранның көмектеріне алғыс айтты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Нури Малеки дүйсенбі кешке Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абади Мосулдың азат етілуін ресми жариялаған соң Ирак халқына арнаған жолдауында: «Мосулдың азат етілуіне байланысты бірінші құттықтауды Ирак шиіттерінің діни жетекшісі аятолла Систаниге айтқан жөн. Өйткені, ол кісі өзінің тарихи пәтуасы және талпыныстарымен ДАИШ-тың сәтсіздікке ұшырауына жағдай тудырды»,- деді.
Нури Малеки жолдауының жалғасында ДАИШ-қа қарсы соғыста Ирак халқы мен үкіметінің қасынан табылғандарға алғыс айтып: «Бәрінен бұрын бүкіл мүмкіндігімен Иракқа көмекке келген Иранға алғыс айту қажет. Соғыс майданында Иран кеңесшілерінің қаны ирактық бауырларының қанымен бірге төгілді»,- деп мәлімдеді.