Түркияда сәтсіз төңкерістің жылдығы қарсаңында құрықтаулар жалғасуда
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i28964-Түркияда_сәтсіз_төңкерістің_жылдығы_қарсаңында_құрықтаулар_жалғасуда
Түркия үкіметі үкіметке қарсы былтыр жасалған сәтсіз төңкерістің алғашқы жылдығында төңкерісті ұйымдастыруға қатысы бар деген айыппен жеті мыңнан астам мемлекеттік қызметкерді қызметінен босатты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 15, 2017 11:53 Asia/Almaty
  • Түркияда сәтсіз төңкерістің жылдығы қарсаңында құрықтаулар жалғасуда

Түркия үкіметі үкіметке қарсы былтыр жасалған сәтсіз төңкерістің алғашқы жылдығында төңкерісті ұйымдастыруға қатысы бар деген айыппен жеті мыңнан астам мемлекеттік қызметкерді қызметінен босатты.

Mehr ақпарат агенттігінің жұма күнгі мәліметі бойынша, 2016 жылы он бесінші шілде төңкерісінің алғашқы жылдығына байланысты және Анкара басшыларының Түркия әскерінің сәтсіз төңкерісіне көмек көрсетіп, оны ұйымдастыруда рөл атқарған күдіктілерге қарсы басып-жаныштау әрекеттерінің жаңа толқыны аясында жалпы 7348 мемлекеттік қызметкер қызметтен босатылды.

Түркия Әділет министрлігінің мәлімдеуі бойынша, өткен жылдан қазіргі кезге дейін 170 мың адам елдің әскері тарапынан іздеуде болған.

Өткен жылдан қазірге дейін Фетуллах Гүлен тобына жақын және төңкеріске қатысы бар деген күдікпен 169 генерал, 7000-нан астам әскер офицер, 24 әкім, 73 әкімнің орынбасары, 116 қолбасшы, 9000-ға жуық полиция қызметкері мен 2300-ден астам судья құрықталып, абақтыда жатыр.