Шіл 16, 2017 15:55 Asia/Almaty
  • Иранның Сириядағы құзыры Дамаск үкіметінің өтініші негізінде орын алды

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары: «Иран күштерінің Сирия дағдарысын шешуге атсалысуы осы ел үкіметінің өтінішімен және Теһран-Дамаск келісімі негізінде орын алды және басқа ешбір аймақтық немесе халықаралық тараптың келісіміне қатысты емес»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хосейн Джабер Ансари  сенбі күні Теһранда Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кездесуінде АҚШ пен Ресейдің Сирияның оңтүстік-батысында атысты тоқтату бітімін орнатуға келіскені жайлы айтып:

«Иран шектеулі әрі жоспарлы түрде және Сирия үкіметінің өтініші және келісімімен осы елде қызмет атқарып жатыр. Бұл қызмет Сирияға тұрақтылық пен тыныштықты қайтару мақсатында жүзеге асырылуда»,-деді.

Джабер Ансари, сондай-ақ,  сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне қатысты жуырдағы әрекеттеріне тоқталып: «Палестина халқының сионистік режимнің басқыншылығына қарсы қарсыласу мен табандылық көрсетуден басқа амалы жоқ. Аймақтық елдер мен халықтар ішкі қақтығыстарды қойып, Палестина халқының қасынан табылуы тиіс»,-деді.    

 

Тегтер