Палестиналық намазхандар Израиль әскерилерінің қолынан жарақат алды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i29026-Палестиналық_намазхандар_Израиль_әскерилерінің_қолынан_жарақат_алды
Сионистік режимнің әскерилері Құдстың көне бөлігіндегі әл-Ақса мешітінің Баб әл-Асбат қақпасындағы палестиналық намазхандарға шабуыл жасап, 17 палестиналықты жарақаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 17, 2017 09:17 Asia/Almaty
  • Палестиналық намазхандар Израиль әскерилерінің қолынан жарақат алды

Сионистік режимнің әскерилері Құдстың көне бөлігіндегі әл-Ақса мешітінің Баб әл-Асбат қақпасындағы палестиналық намазхандарға шабуыл жасап, 17 палестиналықты жарақаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Палестинаның Қызыл Жарты Ай ұйымы сионистік режим әскерилерінің кеше жексенбі күні күндіз және кешке бірнеше рет әл-Ақса мешітінің Баб әл-Асбат қақпасындағы палестиналық намазхандарға шабуыл жасап, соның салдарынан 17 намазханның жарақаттанғаны туралы хабарлады.

Құдс пен әл-Ақса мешіті 2015 жылы қазан айының бірінде басталған Құдс интифазасынан бері сионистік қалашықтардың тұрғындары мен әскерилерінің қақтығыстары мен шабуылдарының мекеніне айналды.

Осы аралықта сионистердің қолынан шамамен 338 палестиналық шәһид болды.

Al Alam телеарнасы палестиналық ақпарат көздеріне сілтеме жасап, сионистік режим әскерилерінің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Бейт-Лахм қаласының оңтүстігінде әл-Хаср елді мекенінде палестиналықтардың үйлеріне шабуыл жасағаны туралы хабарлады.

Газа секторы туралы келесі бір хабарға сәйкес, Израильдің әскери кемелерінің Газа жағалауындағы палестиналық балықшылардың қайықтарына оқ атуы салдарынан екі балықшы жарақат алған.