Шіл 24, 2017 15:00 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газа секторына тағы шабуыл жасады

Сионистік режим дүйсенбі күні таңертең Газа секторының шығыс бөлігіне артиллериялық шабуыл жасады.

Палестиналық ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, сионистік режим Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Газа секторындағы позицияларын нысанаға алды.

Газа секторы 2006 жылдан бері Израильдің құрлық, әуе және теңіз бойынша қоршауында қалып, бұл аймақ тұрғындары көптеген қиындықтарға тап болып отыр.

Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халил қаласының шығыс бөлігінде сионистік режимнің бір тікұшағы құлағаннан кейін бірнеше сағаттан соң бұл режим Газа секторына шабуыл жасаған.

Сионистік режим әскері сол тікұшақтың екі ұшқышын табу үшін ауқымды әскери амалдарды бастаған болатын.

 

Тегтер