Кісі өлтірген израильдік офицер Иорданиядан шығарылды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i29266-Кісі_өлтірген_израильдік_офицер_Иорданиядан_шығарылды
Иорданияның астанасы Амман қаласындағы сионистік режим елшілігінде болған атыстан екі иорданиялықтың қазасынан бір күн өткен соң елшіліктің қызметкерлері басып алынған Палестина жеріне қайтып оралды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 25, 2017 11:29 Asia/Almaty
  • Кісі өлтірген израильдік офицер Иорданиядан шығарылды

Иорданияның астанасы Амман қаласындағы сионистік режим елшілігінде болған атыстан екі иорданиялықтың қазасынан бір күн өткен соң елшіліктің қызметкерлері басып алынған Палестина жеріне қайтып оралды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режим Премьер-министрінің кеңсесі: «Сионистік режим елшілігінің екі иорданиялықты атып өлтірген күзетшісі де елшіліктің басқа қызметкерлерімен бірге қайтты», -деп хабарлады. Осыдан бұрын Иордания басшылары күзетшінің Иордания жерінен шығуына рұқсат жоқ деген болатын. Сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху дүйсенбі күні Аммандағы елшілік қызметкерлерін, әсіресе қауіпсіздік күштерін қайтаруға талпыныс жасайтынын мәлімдеді.

Иордания полициясы осы елдің азаматтарына оқ атқан сионист күзетшіні тергеді. Алайда сионистік режим қамауға алынған адамның дипломатиялық  иммунитетке ие екенін қуаттады.  

Иордания полициясының сионистік режим елшілігінің күзетшісін тергеуді жалғастыру туралы өтінішінен кейін Иордания басшылары егер сионистік режим оны тапсырмаса, бұдан да көп шара қолданылатынын баса айтты.

Жексенбі күні Аммандағы сионистік режим елшілігі күзетшілерінің бірі Мұхаммад Закариа әл-Джаваде есімді бір иорданиялықтың шабуыл жасағанын сылтауратып, оған және бір иорданиялық дәрігерге оқ атып, екеуін де мерт қылды.