Израиль – аймақта текетірес пен дағдарыс тудырып отырған басты ел
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i29338-Израиль_аймақта_текетірес_пен_дағдарыс_тудырып_отырған_басты_ел
Палестина жерінің Израиль тарапынан басып алынуы Таяу Шығыс аймағындағы барлық дағдарыстардың басында тұр. ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Исқақ Əл-Хабиб Қауіпсіздік кеңесінің "Таяу Шығыс жағдайы мен Палестина мəселесі" тақырыбына арналған отырысында мына тарихи шындықты баяндап:
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 27, 2017 12:02 Asia/Almaty
  • Израиль – аймақта текетірес пен дағдарыс тудырып отырған басты ел

Палестина жерінің Израиль тарапынан басып алынуы Таяу Шығыс аймағындағы барлық дағдарыстардың басында тұр. ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Исқақ Əл-Хабиб Қауіпсіздік кеңесінің "Таяу Шығыс жағдайы мен Палестина мəселесі" тақырыбына арналған отырысында мына тарихи шындықты баяндап:

"Сионистік режим 1948 жылдан бері кемінде 14 рет көршілес елдер мен аймақтағы мемлекеттерге басқыншылық жасап, əлі күнге дейін АҚШ-тың қолдауымен осындай əрекеттер мен палестиналықтарды қатыгездікпен басып-жаншуды жалғастырып келеді. Мұсылмандардың əл-Ақса мешітіне кіруіне кедергі жасау – осы режимнің заңсыз əрекеттерінің ең соңғы үлгісі»,-деді.

Палестинадағы өзгерістер мен аймаққа таңылған дағдарыстар тарихына шолу жасағанда Израильдің алпыс жылдық басқыншылығы барысында оның палестиналықтардың құқықтарын үздіксіз бұзуы мен басқа елдерге басқыншылық саясат жүргізуінің ешқашан толастамағанын көреміз. Бұл үдеріс сұмдықпен жалғасып, Израильдің экспансиялық саясаттарына қарамастан Таяу Шығыста бейбітшілік орнайды деген ойдың күл-талқанын шығарды. Израиль режимі осы жылдар барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Палестина туралы көптеген қарарын бұзды.  Осы режимнің басқыншылық және апартеидтік саясаттары мен соғыс қылмыстарына қатысты көптеген куәлер мен айғақтар БҰҰ-ның есептерінде келтірілген. Бұған қарамастан, Израиль өз басқыншылығын жалғастырып жатыр. Мұның бәрі осы басқыншы режимге көрсетілетін қолдаулардың салдары болып отыр. Басқыншы режимді қолдаудың нәтижесі бір ұлтқа геноцид жасап, жою болады.

Уэстчестер университетінің ұстазы, жазушы, тарихшы профессор Лоранс Дэвидсон бұл жайлы: «Сионистер өз жерлерінен қуылған палестиналықтардың Американың үндістері мен жергілікті тұрғындары сияқты ақырында әлем тарапынан ұмыт қалуын мақсат етеді.  Олар қазірдің өзінде көптеген құзырлы органдар тарапынан ұмытылған немесе ескерілмейді»,-дейді. 

Израильдің басқыншылық саясаттарының келесі салдары Таяу Шығысты қаламаған және таңылған дағдарыстарға ұшыратуы болып отыр. Бұл дағдарыс АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа шабуылдарынан басталып, содан соң ДАИШ-тың Сирия мен Ирактағы соғысы мен Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылына ұласты. Бұл соғыстардың түпкі мақсаты Таяу Шығыс картасына жаңа өзгерістер енгізіп, аймақтық  елдерді бөлу болып отыр. Мұның дәлелі – сионистік режим Әділет министрінің Иракты бөлуді қолдаған сөздері. Сионистік режимнің Әділет министрі Аелет Шакед сейсенбі күні Күрдістанның Ирактан бөлінуіне қатысты референдум өткізу жайында Ирактың бөлінуін сионистік режимнің мүддесіне сай деп бағалады.

Осы үдерістердің барлығының АҚШ пен Израильдің аймақта көздеп отырған стратегиялық мақсаттарының бір бөлігі екендігінде күмән жоқ. Бұл мақсаттар АҚШ пен Израильдің көпқырлы саясаттары және аймақтағы кейбір араб елдерімен, соның ішінде Сауд Арабиясымен әріптестік аясында жоспарланған.