Сионистік режимнің Әл-Ақса мешітіндегі қауіпсіздік шаралары тоқтатылды
(last modified Fri, 28 Jul 2017 01:12:53 GMT )
Шіл 28, 2017 07:12 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Әл-Ақса мешітіндегі қауіпсіздік шаралары тоқтатылды

Құдсты басып алушы режимнің әскерилері әл-Ақса мешітіндегі барлық қауіпсіздік шараларын тоқтатқанын мәлімдеді.

"Әл-Әлам" арнасының бейсенбі күнгі хабарлауынша, сионистік режимнің барлық қауіпсіздік шаралары тоқтатылғаннан кейін палестиналықтар әл-Ақса мешітіне Баб әл-Асбат қақпалары арқылы кіріп жатыр.

Ливандық al-Mayadeen арнасының мәліметі бойыша, палестиналық діни тұлғалар бейсенбі күні Құдста өткен ақпарат отырысында әл-Ақса мешітінде жағдай тұрақталғаннан кейін сол мекенде намаз оқитындарын мәлімдеді.

Палестиналық діни тұлғалардың айтуынша, діни үлемдер мен палестиналық жастар өткен екі аптада басқыншылардың қауіпсіздік шаралары салдарынан әл-Ақса мешітінің сыртында намаз оқуға мәжбүр болған. Себебі, сионистік режим Палестина халқын, әсіресе, Құдста тұратын палестиналықтарды тізе бүктіруге әрекет жасаған. Алайда Палестина халқы оларға ерлікпен қарсы тұрды.

 

Тегтер