Әл-Ақса мешітін қолдау – уәжіп
Исламдық мазхабтарды жақындастырудың дүниежүзілік ассоциациясы Палестина мәселесін бұрынғыдай ислам әлемінің басты мәселесі деп атап: «Палестина мәселесі шетке ысырылмауы керек»,-деп қуаттады.
Исламдық мазхабтарды жақындастырудың дүниежүзілік ассоциациясы сенбі күнгі мәлімдемесінде мұсылмандардың Құдс пен әл-Ақса мешітін қолдауы қажеттігін айтып: «Сионистік режимнің арандатушы әрекеттері мен әсірешіл саясаттары исламдық қарсыласу өзегін бұза алмады, бұза алмайды да»,-деп баса айтты.
Исламдық мазхабтарды жақындастырудың дүниежүзілік ассоциациясы, сондай-ақ, осы мәлімдемеде сионистік режимнің соңғы күндері әл-Ақса мешітіне айуандықпен шабуыл жасап, палестиналық намазхандарға құрметсіздік көрсетуін қатаң айыптап, Палестинаның мұджаһед халқына тілеулестігін білдірді.
Сионистік режимнің әскерилері 2017 жылдың 14 шілдесінен бастап осы режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың бұйрығымен палестиналықтарды басып-жаншу және Құдс пен әл-Ақса мешітіне басқыншылық жасау әрекеттерін күшейтті.