Сауд Арабиясының ысырапшыл патшасы мұнайдан түскен ақшамен Мароккода демалып жатыр
Шіл 31, 2017 02:50 Asia/Almaty
"Әл-Ахбар" газетінің мәлімдеуінше, саудиялық патша Салман бен Абдолазиз бір мың адаммен бірге демалыс күндерін өткізу үшін шілде айының жиырма төрті күні Марокко елінің Танжер қаласына келді.
Осы марокколық газеттің жазуы бойынша, Салман бен Абдолазиз Танжер қаласының жағалауындағы өзінің сарайына тұрақтаған. Патшамен бірге келген топ үшін бес жұлдызды бес қонақүйден 800 бөлмеге тапсырыс берілген. "Әл-Ахбар" газетінің есептеулеріне сәйкес, саудиялық патша мен оның серіктері үшін әр бөлме мен жеке көлікті жалға алу бағасының орташа мөлшері 312 мың долларды құрайды.