Ирандық зияратшылар Мединеге келді
Алланың үйіне қажылық жасауды мақсат еткен ирандық зияратшылардың алғашқы тобы Медине әуежайына келіп жетті.
Hajnews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, уәһи өлкесіне аттанған ирандық зияратшыларды Сауд Арабиясы Қажылық министрінің орынбасары Мұхаммад Абдурахман Биджави мен қажылыққа жауапты тұлғалар мен осы іске қатысты адамдар және революция жетекшісінің делегациясы мен Қажылық жөніндегі ұйымның басшылары қарсы алды.
Осы хабарламаға сәйкес, рәсімге сондай-ақ қолдарына Мединенің гүлдері мен құрмасына толы себеттер ұстаған арабстандық жастар қатысып, ирандық зияратшыларды қарсы алды. Иранның Қажылық және зиярат істері жөніндегі ұйымның қызметкерлері де ирандық зияратшыларға гүл шоқтарын сыйлап, оларды Мединеге келулерімен құттықтады.
Сауд Арабиясы Қажылық министрінің орынбасары ирандық зияратшыларды қарсы алу рәсімінде қуаныш білдіріп, ирандық зияратшыларға барлық жағдайдың жасалатынын қуаттап: "Рияд үкіметі кіші қажылыққа келетін ирандық зияратшыларды да күтеді",- деді.