Йемен қажылық күндері соғысты тоқтатуды сұрады
Йемен революциясы жоғары комитетінің басшысы Сауд Арабиясынан қажылық парызын орындайтын күндері мен харам айлары Йеменнің барлық аймақтарында соғысты тоқтатуға келісім беруді сұрады.
Йеменнің Al Masirah телеарнасының ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Йемен революциясы жоғары комитетінің басшысы Мұхаммад Әли Хоуси Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Сауд Арабиясынан Йеменді қоршауға алуды доғару және йемендік зияратшылардың қажылық рәсіміне қатысуына рұқсат беру сынды мәселелерді қамтитын атысты тоқтату бітіміне қол қоюын сұрап: "Харам айларында басқыншылыққа тойтарыс беру мақсатындағы соғыстан басқа соғыстар харам саналады",- деді.
Йемен революциясы жоғары комитетінің басшысы Сауд Арабиясына йемендік зияратшылардың Арабстанға келуіне тыйым салу, Йеменді қоршауға алу мен оның салдары туралы ескерту жасап, аштық пен кейбір жұқпалы аурулардың таралуын Йеменді қоршауға алудың салдарларының бір бөлігі деп атап: "Сауд Арабиясы Йеменге соғысты таңып, бос әрі негізсіз сылтаулармен соғыс пен атысты тоқтату бітімін қабылдамай отыр",- деп баса айтты.