Иран Мәжілісінің Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дохада Катар премьер-министрімен кездесті
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Алаэддин Бруджерди Доха сапарында сол елдің премьер-министрімен кездесіп, сұхбаттасты.
Бруджерди дүйсенбі күні Дохаға келіп жеткен соң Катар премьер-министрі шейх Абдолла Бен Насер Бен Халифе ал-Танимен кездесіп, екіжақты дипломатиялық байланыстарды нығайтып, кеңейту жолдары туралы сөйлесті. Иран Мәжілісінің Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы жексенбі күні Катар сапарынан кейін Оманға барып, Оман патшалығы Мәжілісінің басшысы шейх Халед Бен Һалал ал-Мамулимен кездесті. Екі тарап кездесуде аймақ өзгерістері, екіжақты тақырыптар мен Иран мен Оман арасындағы мәжілісаралық серіктестіктерді арттырудың жолдары туралы сөйлесті.