Әл-Ақса мешітіндегі жеңіс – палестиналықтардың қарсыласуының нәтижесі
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Амир Абдуллахиан: «Палестиналықтардың сионистерді әл-Ақса мешітінің айналасындағы кедергілерді алып тастауға мәжбүрлеудегі жуырдағы жеңісі Палестина халқының табандылығының нәтижесінде орын алды»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Хосейн Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні түстен кейін Бейрутте Палестина исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдулла Шалахпен кездесуінде ИИР-ның Палестина халқы мен сионистік режимге қарсы қарсыласу топтарын қолдайтынын тағы жариялап: «Құдс пен әл-Ақса мешітіндегі соңғы өзгерістер тек қарсыласудың ғана сионистік режимнің шектен тыс талап етушіліктеріне тосқауыл бола алатынын көрсетті»,-деді.
Палестина исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдулла Шалах осы кездесуде Иран халқы мен үкіметінің палестиналықтарды қолдауына алғыс білдіріп: «Сионистік режимді әл-Ақса мешітінде шектеу қою амалдарынан кері шегінуге мәжбүрлеудегі жеңіс – Палестинаның бүкіл халқының, соның ішінде мұсылмандар мен христиандардың табандылығының нәтижесі»,-деді.