Мысырда тұтқындалған қазақстандық студенттер босатылып, елдеріне қайтты
Там 05, 2017 16:58 Asia/Almaty
Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі Мысырда тұтқындалған қазақ студенттерінің босатылып, елге оралғанын хабарлады.
ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат хатшысы Ануар Жайнақов Мысыр қауіпсіздік органы тарапынан тұтқындалған, осы елде бакалавр деңгейінде білім алып жатқан 6 студенттің Қазақстанға қайтып оралғанын хабарлады.
Қазақстан дипломаттарының талпыныстарына қарамастан, Мысыр тарапы бұл ел азаматтарының қамауға алынуына еш дәлел келтірмеген. Қазақстан азаматтарының Мысырда тұтқындалуының дәлелі әлі жарияланған жоқ.