Мысырда тұтқындалған қазақстандық студенттер босатылып, елдеріне қайтты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i29584-Мысырда_тұтқындалған_қазақстандық_студенттер_босатылып_елдеріне_қайтты
Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі Мысырда тұтқындалған қазақ студенттерінің босатылып, елге оралғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 05, 2017 16:58 Asia/Almaty
  • Мысырда тұтқындалған қазақстандық студенттер босатылып, елдеріне қайтты

Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі Мысырда тұтқындалған қазақ студенттерінің босатылып, елге оралғанын хабарлады.

ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат хатшысы Ануар Жайнақов Мысыр қауіпсіздік органы тарапынан тұтқындалған, осы елде бакалавр деңгейінде білім алып жатқан 6 студенттің Қазақстанға қайтып оралғанын хабарлады.

Қазақстан дипломаттарының талпыныстарына қарамастан, Мысыр тарапы бұл ел азаматтарының қамауға алынуына еш дәлел келтірмеген. Қазақстан азаматтарының Мысырда  тұтқындалуының дәлелі әлі жарияланған жоқ.