Сирияға келіссөздерінің келесі кезеңі Теһранда өтеді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i29684-Сирияға_келіссөздерінің_келесі_кезеңі_Теһранда_өтеді
Ресей, Иран мен Түркияның əскери сарапшылары тамыздың 8-9 күндері Теһранда кездесіп, кеңеседі. "Спутник" ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа сілтеме жасап хабарлауынша, алдағы отырыста Сирияда қауіпсіз əрі қақтығыссыз аудандар режимін нығайту туралы келіссөздер жалғасын табады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 08, 2017 12:18 Asia/Almaty
  • Сирияға келіссөздерінің келесі кезеңі Теһранда өтеді

Ресей, Иран мен Түркияның əскери сарапшылары тамыздың 8-9 күндері Теһранда кездесіп, кеңеседі. "Спутник" ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа сілтеме жасап хабарлауынша, алдағы отырыста Сирияда қауіпсіз əрі қақтығыссыз аудандар режимін нығайту туралы келіссөздер жалғасын табады.

Осы уақытқа дейін аталмыш елдердің делегацияларының жетекшілігімен жəне БҰҰ мен Сирия үкіметі, қарсыластар мен бақылаушы елдер өкілдерінің қатысуымен Сирияға қатысты келіссөздердің 5 кезеңі өткізілді. Астана келіссөздері 4-5 шілдеде өтті. Онда Сирияда қауіпсіздігі сақталған 4 аудан қалыптастыру жəне осы жобаны ілгерілету талқыланды. Астана келіссөздерінің төртінші кезеңінде қақтығысы азайтылған төрт аймақты Идлиб облысы мен Хомстың солтүстік аймағында, шығыс Ғуте мен Сирияның оңтүстігіндегі Дараа мен Канитарада құру туралы келісім жасалды.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия  істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура осы келіссөздердің жетістіктерінің Иран, Ресей мен Түркияның талпыныстарының арқасында орын алғанын айтып, оларды Сириядағы қақтығыстардың өршуінің алдын алуға келісу жолында үміт сыйлайтын қадам деп атады. Иранның мақсаты Сириядағы соғысты тоқтату үшін ортақ талпыныстар жасап, сириялықтарды қалыпты өмірге оралту, Сирия халқын біртұтас əрі қорғалған шекара аумағында билік ететін үкімет иесі ету болып табылады.

ИИР Президенті Хасан Рухани келесі 4 жылға президент ретіндегі инаугурация рəсімінде ант қабылдағаннан кейін сөйлеген сөзінде: "Сирия мен Йемендегі сияқты аймақтық дағдарыстарды шешу тек соғыс пен қатігездікті тоқтатып, халыққа көмектесу, экстремизммен күресу, осы елдердің халықтарының дауысын қабылдау, "сириялық сириялық" жəне "йемендік-йемендік" келіссөздерін өткізу арқылы ғана орындалады",-деді.

Сириядағы қазіргі өзгерістер үдерісі, əсіресе лаңкестерді қуудағы айтарлықтай ілгерілеушіліктер мына шындықты растайды: Сирия жүйесін құлату жəне оны бөлшектеу сценарийі жеңіліс тапты. 2006 жылдан бері Сирияны қарсыласу өзегінен бөлу үшін күн тəртібіне қойылған америкалық-израильдік жоба тығырыққа тірелді. Қазіргі таңда Сирия үшін екі мəселе маңызды: біріншісі – баршаны қамтитын атысты тоқтату бітімін сақтау, осы елдің барлық өңірлерінде қауіпсіздік орнату; екіншісі – "сириялық-сириялық" диалогтарын өткізуге күш салу. Астана отырыстарындағы келісімдер қорқыныш пен үміттің болғанына қарамастан, қазір бейбітшілікке қол жеткізуге, мұнымен бір мезгілде лаңкестермен жан-жақты күресуге маңызды мүмкіндік тудырды. Осы тұрғыдан аталмыш келіссөздерге қай тұрғыдан қараса да, Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу бағытындағы ілгерілеушілік байқалады. Өткен бір жылда Сирияда орын алған саяси, əскери жəне соғыс алаңындағы өзгерістерден кейін Сирия мəселесі қазіргі таңда жаңа кезеңге аяқ басты. Оның ең маңызды нәтижесі – БҰҰ-ның қолдауымен '"сириялық сириялық" диалогының қалыптасуы. Сирияда атысты тоқтату бітімін орнату Мəскеу үшжақты келісімінің алғашқы жемісі болды. Бүгінде осы келісімдердің ең маңызды жетістігі ретінде Сирияның басым бөлігінде қатігездікті азайту саласындағы ілгерілеушілікті атау керек. Дегенмен, Теһран отырысында осы салада қандай қадамдардың жасалатынын күтуіміз керек.