80 ел үшін Катарға кіру визасы алынып тасталды
Там 10, 2017 16:37 Asia/Almaty
Катар үкіметі әлемнің 80 елінің азаматтарына өз еліне кіру визасын алып тастады.
Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Катар әуе рейстері компаниясының басшысы Акбар әл-Бакер сәрсенбі күні баспасөз конференциясында: «Катардың Туризм ұйымы әлемнің 80 елінің азаматтарын Катар әуе рейстері компаниясымен ұшқан жағдайда виза алудан босатуға шешім қабылдады»,-деді.
Әл-Бакер: «Осы жоба орындалғаннан кейін Катар жолаушылардың ең жақсы бағытына айналады»,-деп сөзін жалғады.
Катар бұл шараны Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінде дағдарыс жалғасып, бұл елдің Сауд Арабиясы, Бахрейн, БАӘ және Мысырмен байланысының үзілген жағдайында орындап отыр.
Тегтер