Сионистік режим Газа секторы тұрғындарының баспаналарын жару туралы қоқан-лоққы жасады
Сионистік режимнің әскері астынан қарсыласу қозғалысына қарасты тоннелдер өтетін Газа секторындағы үйлерді жару туралы қоқан-лоққы жасап отыр.
Fars ақпарат агенттігінің сионистік "Гаарец" газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режимнің әскері Газа секторының тұрғындарына ескерту жасап, Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысына қарасты тоннелдерді жою үшін жаңа жобаны жүзеге асыратынын мәлімдеді.
Сионистік газеттің хабарлауынша, аталмыш жобаның ұзындығы жер астында 10 метрден асып, жердің үстінде 6 метрді құрайды. Сондай-ақ, түрлі бақылау құрылғыларымен жабдықталған бетон дуал құрылысын қамтиды. Құрылыстың құны 833 миллион доллар деп бағаланған.
Сионистік режим әскерінің оңтүстік күштерінің қолбасшысы генерал Еиал Замир бір ақпарат отырысында мұндай дуал құрылысының текетіресті арттыратынын мәлімдеп: "ХАМАС қозғалысы осындай бөгеудің құрылысына қатысты жағдайды қайта қарастыруы керек" деді.
Бір жыл бұрын басталған бұл жоба қазіргі кезде Газа секторының шекараларында алты жерде жүзеге асырылып жатыр. Сионистік режим қазан айының соңында дейін бір мың жұмысшыны 40 жерде тәулік бойы құрылыс жасауға жұмылдыруды көздеп отыр.