Сирия мен Иордания шекарасында 23 лаңкестің көзі жойылды
(last modified Sat, 12 Aug 2017 11:01:36 GMT )
Там 12, 2017 17:01 Asia/Almaty
  • Сирия мен Иордания шекарасында 23 лаңкестің көзі жойылды

Сирия мен Иорданияның шекарасындағы «Джейш ул-ислам» деп аталатын лаңкестердің қосынында болған лаңкестік жарылыс салдарынан кемінде 23 лаңкестің көзі жойылып, 12 адам жараланды.

IRNA ақпарат агенттігінің Sky News ақпарат арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ақпарат көздері сенбі күні таңертең Сирия мен Иордания шекарасындағы Насиб қалашығына жақын жерде орналасқан «Джейш ул-ислам» деп аталатын лаңкестердің қосынында болған  лаңкестік жарылыс салдарынан кемінде 23 лаңкестің көзі жойылып, 12 адам жараланғанын, жараланғандардың көбінің жағдайының нашар екендігін хабарлады.

«Джейш ул-ислам» лаңкестік тобы – Шығыс Ғуте өңіріндегі лаңкестер арасындағы қақтығыстардың негізгі тараптарының бірі. Қақтығыстар барысында бүгінге дейін 150-ден астам лаңкес жойылды.

Сирия армиясы әс-Сувейда облысындағы аудандар мен биіктіктердің ауқымды бөлігін тәкфирлік лаңкестердің қолынан азат етіп, шекараның жағдайын басып алынғанға дейінгі қалыпқа келтірген соң Сирия мен Иорданияның ортақ шекарасында орналасқан барлық қосындар осы ел армиясының толық бақылауына көшіп, Дераа мен Шығыс Ғутедеғі лаңкестерге көмек пен қару‑жарақ жеткізетін жолдар жабылды.  

 

Тегтер