Сауд Арабиясының тақ мұрагері Йемендегі соғыстан шыққысы келеді
Там 14, 2017 18:20 Asia/Almaty
Англияның «Middle East Eye» басылымында Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің АҚШ-қа Йемендегі соғыстан шығуды көздейтінін айтқаны жария болды.
Бұл басылымның хабарлауы бойынша, жария болған электронды хаттар Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхамед бен Салманның 2 америкалық басшының жанында өзі бастап, 2 жылға созылған Йемендегі соғыстан шыққысы келетінін мойындағанын көрсетеді.
Бен Салман Йеменде соғыс бастағаннан бері 1000-нан астам адам жан тапсырып, 40 мыңнан астам адам жараланып, елдің 300 мыңнан астам азаматы ауруға шалдықты.