Сауд Арабиясы Йемендегі өзі түскен батпақтан шығуды ойластыруда
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i29948-Сауд_Арабиясы_Йемендегі_өзі_түскен_батпақтан_шығуды_ойластыруда
Әшкереленген еmail-дер Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның АҚШ-тың бұрынғы екі қайраткеріне, яғни басып алынған жерлердегі АҚШ-тың бұрынғы елшісі Мартин Индик пен АҚШ-тың бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Стефан Хедлиге өзі бастаған Йемен соғысынан шыққысы келетінін мойындағанын көрсетеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 16, 2017 12:40 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Йемендегі өзі түскен батпақтан шығуды ойластыруда

Әшкереленген еmail-дер Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның АҚШ-тың бұрынғы екі қайраткеріне, яғни басып алынған жерлердегі АҚШ-тың бұрынғы елшісі Мартин Индик пен АҚШ-тың бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Стефан Хедлиге өзі бастаған Йемен соғысынан шыққысы келетінін мойындағанын көрсетеді.

Сауд Арабиясы басшыларының Йемен соғысынан шығу туралы сөздері бұл елдің Йеменге қарсы өздері бастаған соғыста сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Мұндай жағдай Сауд режимін бұл соғыстағы жеңілісті қабылдауға мәжбүрледі. Сауд коалициясы  АҚШ-тың қолдауы және әскери мүмкіндігімен  Йемен соғысында ешқандай табысқа жетпеді.

Сауд Арабиясының саяси белсендісі Моджтахед бұл салада: «Сауд Арабиясының армиясы Йеменге қарсы соғыста әскери, саяси және ақпарат тұрғысынан сәтсіздікке ұшырады. Бұл соғыста Йеменнің Ансаролла қозғалысы жеңіске жетті»,- деді.

2015-ші жылдың наурыз айынан бастап Йеменге қарсы соғыс бастаған Сауд Арабиясы бұл соғысты жылдам, әрі Ансаролла қозғалысының сәтсіздікке ұшырап, Йеменнің билік басынан кеткен президенті Абдраббе Мансур Хадиді орнына қайтарумен аяқтауды ойлады. Бірақ соғыс қысқа уақытта аяқталмады. Қазір соғыстың басталғаныан екі жыл өтті. Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йеменге қарсы әуе шабуылдары мен әскери еместерді қырып-жоюды жалғастыруы, сондай-ақ, әл-Қаиданы қолдауы мен ДАИШ-тың Йеменге келуіне жағдай жасау Сауд Арабиясының Йеменнің революцияшыл халқының алдындағы әлсіздігінің белгісі.

Йемен істері жөніндегі маманы Исмаил әл-Хасани: «Сауд режимінің аймақтағы  стратегиялары сәтсіздікке ұшырады. Саудиялықтар өздерін өлтіргісі келсе, Йеменге қарсы шабуылдарын жалғастырсын»,- деді.   

Халықаралық тұрғыдан да Йемендегі өзгерістер Сауд Арабиясының қылмыстарның күшеюі мен  Сауд режимі және оның одақтастарына қарсы халықаралық жиіркеніштің күшеюін көрсетеді. Сауд режимінің қылмыстары Йемен халқының жігерін арттырды. Бұл мәселе – аймақтағы АҚШ мүддесі үшін көптеген қаржы жұмсаған Сауд режимі үшін арнайы жолдау, Батыс үкіметтері қолдайтын Сауд режимі үшін үлкен қатер.

Сауд Арабиясының өткен жылғы экономикалық дағдарысының бір бөлігі мұнай бағасының арзандауынан туындаған қаржы дағдарыс. Негізінде Сауд Арабиясы басшыларының өздері Батысқа қосылып, бұл қастықтың негізгі себепкері болып отыр. Өткен жылдардағы Сауд Арабиясының экономикалық дағдарысының күшеюінің келесі себебі Йемен соғысына көптеген қаржы жұмсауы және тәкфиршіл лаңкестерді қолдауы болып табылады. Кейбір мәліметтер 2015-ші жылы басталған Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарына  Риядтың күніне 200 миллион доллар қаржы жұмсағанын көрсетеді. Мұндай тақырып Сауд Арабиясы басшыларының АҚШ басшыларына Йеменде ұзақ мерзімді соғысты жалғастыра алмайтындықтарын хабарлайды.