Еврейлер басып алынған жерлерден кетіп жатыр
Там 17, 2017 12:44 Asia/Almaty
Сионистік режимнің Орталық статистика бюросы басып алынған жерлердегі миграция жағдайының 2015 жылға қатысты есебінде: «16800 адам ұзақ мерзімді сапар немесе тұрақта түрде өмір сүру үшін басып алынған жерлерден көшіп кетті. Тура сол жылы басып алынған Палестина жеріне 8500-ге жуық адам келді»,-деп хабарлады.
Осы статистикалық мәлімет бойынша, өткен жылдар барысында басып алынған Палестина жеріне келген еврейлердің саны күрт төмендеген. Кейбір сарапшылардың айтуынша, экономикалық дағдарыс, қауіпсіздіктің жоқтығы және сионистік режимнің Ливан Хезболласы мен Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-пен өткен жылдардағы соғыстары еврейлердің Израильден кетуіне себеп болған.
Тегтер