Ирандық қажылардың жетекшісі уәһи жеріндегі зияратшылардың жағдайына риза
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i30058-Ирандық_қажылардың_жетекшісі_уәһи_жеріндегі_зияратшылардың_жағдайына_риза
Ислам революциясы жетекшісінің өкілі әрі ирандық қажылардың жетекшісі: «Биылғы қажылықта Ислам революциясының жетекшісі, Иран халқы мен жүйе басшыларының ирандық зияратшылардың қадір-қасиетін сақтау туралы талап-тілектері орындалды»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 20, 2017 11:20 Asia/Almaty
  • Ирандық қажылардың жетекшісі уәһи жеріндегі зияратшылардың жағдайына риза

Ислам революциясы жетекшісінің өкілі әрі ирандық қажылардың жетекшісі: «Биылғы қажылықта Ислам революциясының жетекшісі, Иран халқы мен жүйе басшыларының ирандық зияратшылардың қадір-қасиетін сақтау туралы талап-тілектері орындалды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Әли Қази Аскяр қасиетті Мекке қаласында тілшілерге берген сұхбатында: «Биыл өткен жылдармен салыстырғанда ирандық зияратшылардың жағдайы жақсы. Басқа елдерден келген қажылардың ыстық ықыласына бөленумен қоса,  Сауд Арабиясының халқы да ирандықтарға бұрынғыға қарағанда жақсырақ қатынас көрсетіп, олардың келгеніне қуаныш білдірді»,-деді.

Қази Аскяр, сонымен қатар, әл-Харам мешіті мен Мина апатында шәһид болғандардың істерінің құқықтық жағдайын қадағалап отырғанын айтып: «Шәһид болғандардың жанұяларына уәде етілгендей, соңғы бірнеше күнде өткізілген келіссөздердің басты тақырыптарының бірі осы іске қатысты құқықтық жағдайды талқылау және артта қалған туған-туысқандарға өтемақы төлеу болды»,-деді.