Там 23, 2017 14:03 Asia/Almaty
  • Ливан – әртүрлі тайпалардың тату тіршілігінің символы

Иран Сыртқы Істер Министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Ливандағы біріккен друз тайпасының діни жетекшісімен жүздесуінде бұл елді әртүрлі тайпалар мен ислам және христиан мазхабтарын ұстанушылардың тату тіршілігінің, сонымен қатар терроризм мен сионистік режимнің басқыншылығымен қарсыласудың символы деп атады.

Иран Сыртқы Істер Министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари сейсенбі күні Бейрутте Ливандағы біріккен друз тайпасының діни жетекшісі шейх Наим Хасанмен жүздесуінде бұл елдегі саяси және діни басшылардың өзара келісімі мен тілеулестігіне қуаныш білдіріп, біріккен друз тайпасының Ливанда ұлттық түсіністіктің қалыптасып, саяси-әлеуметтік тұрақтылықтың орнауында атқарған әсерлі рөліне алғыс білдіріп: "ИИР Ливанда әртүрлі тайпалар мен ислам және христиан мазхабтарының тату тіршілігін қолдайды",-деді.

Ливандағы біріккен друз тайпасының діни жетекшісі шейх Наим Хасан да бұл кездесуде ИИР-ның Таяу Шығыс аймағындағы жасампаз рөліне алғыс айтып, араб және ислам үмбетіне қолдау көрсетудегі Теһранның тарихи рөлін мадақтады.

Шейх Наим Хасан аймақтағы гуманитарлық апаттарға өкініш білдіріп, Құран мен пайғамбар жолына қайта оралуды аймақтағы қайшылықтар, қатыгездік пен дағдарыстарды тоқтатудың жалғыз жолы деп атады.

 

 

 

Тегтер